426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Назарбаев пен Жээнбеков бір-бірін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

  • 534
  • UPD: 17:23, 30.12.2019
Назарбаев пен Жээнбеков бір-бірін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады kabar.kg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз елінің Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Қырғыз басшысы бір-бірін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами түсетінін айтты. Көрші елмен арада тұрақты қарым-қатынас қалыптасқан.

Айта кетейік, телефон арқылы әңгімелесу Қырғыз басшысының бастамасымен болды.

Хабар 24 телеарнасы