376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Майкл Помпео ресми сапармен Қазақстанға келеді

  • 190
  • UPD: 13:32, 31.12.2019

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Нұр-Сұлтанға 2020 жылдың 5 қаңтарында келеді. Бұл туралы Майкл Помпео өзінің Твиттердегі парақшасында хабарлады.

Ол Қазақстан Президенті, Елбасы және Сыртқы істер министрімен кездесуі тиіс. Басқосу барысында екі жақты, аймақтық, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланады деп күтілуде.

Айта кеткен жөн, бұған дейін АҚШ-тың бірде-бір Мемлекеттік хатшысы ресми сапарымен Орталық Азияға, соның ішінде Қазақстанға келмеген. Майкл Помпео Нұр-Сұлтаннан кейін Ташкентке аттануы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы