427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2020 жыл Қазақстан үшін геосаяси тұрғыдан сәтті басталғалы тұр

  • 923
  • UPD: 15:28, 31.12.2019

2020 жыл Қазақстан үшін геосаяси сахнада сәтті басталғалы тұр. Өйткені қаңтар айының басында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео біздің елге жұмыс сапарымен келеді деп күтілуде. Бұл Қазақстанның халықаралық аренада саяси ролінің өскендігін көрсетсе керек.

Дәурен Базаров, Еуразиялық ықпалдастық институтының сектор жетекшісі: 

- Бұл жердегі басты талқыланатын мәселелер күтіліп отқандай біріншіден, халықаралық инвестициялар, экономикалық жаңғыру және адам құқықтары сияқты мәселелер талқыланады деп күтілуде. Енді өзімізге белгілі, Қазақстан Орталық Азиядағы жетекші мемлекеттердің бірі. Және АҚШ ол жерде инвестиция тұрғысынан алғанда өте басты рольді алатынын білеміз. 

Ал институттың келесі сарапшысы Самат Нұртазаның айтуынша, Майк Помпеоның Белоруссия, Украина, Қазақстан және Өзбекстан елдеріне баруы АҚШ-тың Ресейге қыр көрсетуі іспетті. Бірақ бұл жағдай алпауыт елдер арасындағы геосаяси тепе-теңдік сақтауға таптырмас жағдай. Әсіресе көп векторлы саясатты ұстанған Қазақстан үшін, дейді сарапшы. 

Самат Нұртаза, Еуразиялық ықпалдастық институты интернет бөлімінің басшысы: 

- Ресей біздің басты партнеріміз. Және де естеріңізде болса осы жылдың күзінде Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровтың АҚШ-қа «Орталық Азияға қол сұқпаңыздар, араласпаңыздар» деген сөзіне қарай, менің ойымша, бұл жерде Майк Помпеоның қыр көрсетуі. Себебі ол тұлға ретінде әскери адам. «Вестпойнт» университетінің түлегі. Және де танк әскерінің капитаны.

Хабар 24 телеарнасы