378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев қоғам қайраткері С.Әбділдиннің туған-туыстарына көңіл айтты

  • 347
  • UPD: 18:38, 01.01.2020
Қ.Тоқаев қоғам қайраткері С.Әбділдиннің туған-туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев белгілі қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдиннің отбасына көңіл айтты.

«Белгілі қоғам қайраткері жəне ғалым Серікболсын Əбділдиннің қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Серікболсын Əбділдəұлы - елімізді дамыту жəне парламентаризмді қалыптастыру ісінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлға. Марқұмның топырағы торқа, жаны жанатта, иманы саламат болсын!» деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы