380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Станислав Зась ҰҚШҰ бас хатшысы қызметін атқаруға кірісті

  • 115
  • UPD: 22:26, 04.01.2020
Станислав Зась ҰҚШҰ бас хатшысы қызметін атқаруға кірісті

Беларусь өкілі Станислав Зась 2020 жылғы 1 қаңтардан ҰҚШҰ бас хатшысы қызметін атқаруға кірісті.

Еске сала кетсек, 2018 жылдан бастап ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметін Армения өкілі Юрий Хачатуров атқарды, ол жарғыда қарастырылған үш жылдың бір жарым жылын ғана атқарып, Армения Хачатуровты мерзімінен бұрын шақырып алды.

Хачатуровтың орнына ресейлік әскери қызметкер Валерий Семериков бас хатшы міндетін атқарды.

ҰҚШҰ құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.

БелТА агенттігі

Хабар 24 телеарнасы