380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Әсет Исекешевті қабылдады

  • 193
  • UPD: 17:27, 23.01.2020

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевті қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуде Әсет Исекешев қор тарапынан атқарылған жұмыстар мен биылғы жылға белгіленген негізгі жоспар жөнінде айтып берді.

Айталық, өткен жылы қордың қолдауымен 95 жоба жүзеге асқан. Дені білім беру саласына бағытталды. Қор басшылығы дарынды балаларды қолдауға басымдық берген. Одан бөлек, қайырымдылық іс-шараларын да өткізіпті. Кездесу кезінде қорды трансформациялаудың жоба жоспары да таныстырылды. Биыл адам капиталын дамытуға, әлеуметтік салаларды зерттеуге жіті мән беріледі.

Хабар 24 телеарнасы