418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасының биылғы жұмыс кестесі белгіленді

  • 436
  • UPD: 21:51, 08.01.2020
Елбасының биылғы жұмыс кестесі белгіленді

Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы Кеңсесінің басшылығымен кеңес өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отырыста кеңсе қызметінің өткен жылғы жұмысы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары қаралды. Сосын Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қатысуымен өтетін шетелдік сапарлар мен мемлекет ішіндегі іс-шараларға дайындық жайлы ақпарат ұсынылды.Бұдан бөлек, кеңеске қатысушылар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады. Соның қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Хабар 24 телеарнасы