423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мәжіліс төрағасы жұмыс сапарымен ШҚО-ны аралады

  • 1299
  • UPD: 22:53, 10.01.2020

Мәжіліс депутаттары 5 қаңтардан бері өңірлерді аралап, ел ішінде жүр. Төменгі Палата төрағасы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.

Нұрлан Нығматулин өндірістік және әлеуметтік нысандарды көріп, кәсіпорындар мен денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінің еңбек ұжымдарымен кездесті. Қалың бұқараға қабылданып жатқан заңдардың мән-маңызы жайлы баяндап, өзекті мәселелерді сұрап білді. Әріптесім Индира Жылқайдарова жалғастырсын.

Халқымыз үшін сөздің құнын көздің нұрындай қастерлеген қазақтың кемеңгер данышпаны Абайдың тұғыры қашанда биік. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин елдің шығысына сапарын Семей қаласынан бастауы кездейсоқ емес. Биыл елдің ұлы перзенті Абайдың 175 жылдығы. 

Мәжіліс спикері осыған орай ойшыл ақынның құрметіне құрылған «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің жай-күйімен танысты. Киелі өлке Семей тарихи орталыққа айналса рухани мұра жандана түсері сөзсіз деді мәжіліс спикері.  

Семей енді серпінді дамытылады. Президент тапсырмасымен қаланы 5 жылдық дамыту бағдарламасы қабылданды, 260 млрд теңге қаражат та бөлінбек. Барлық сала қамтылып, 4 мың жаңа жұмыс орны ашылуы тиіс. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Семейдегі жедел медициналық жәрдем ауруханасына бас сұқты. Жақында мұнда ТМД да теңдессіз гибридті операциялық блог ашылған болатын. Төраға аурухана қабырғасында медицина қызметкерлерінен бөлек, мектеп, балабақша басшылары, психологтар мен үкіметтік емес ұйым жетекшілерімен кездесіп, «Денсаулық туралы» кодекс жобасындағы көптің көкейіндегі мәселелерді талқылады. Мәжіліс спикері сан сауалдың түйінін тарқатып, заңнамалық жұмыс барысын ұғындырды. 

Алтай Құлтуманов, жедел  медициналық жәрдем ауруханасы нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі:

- Мәжіліс төрағасының өңірге сапары шырайлы шығыстың орталығы - Өскеменде жалғасты. Биліктің жұмысына халықтың жай-күйі таразы. Нұрлан Нығматулин қаладағы әлеуметті әлдендіру шараларымен танысу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына арнайы келді. Қалың бұқарамен кездесуде мәжіліс сүзгісінен өткен әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа форматына тоқталды.  Көп балалы аналардың көңіліндегі көп сауалына тұщымды жауап берді. 

Шынар Жәберова, көп балалы ана:

- Елдің өсіп өркендеуінде ғылым білімнің маңызды екенін хәкім Абайдың өзі айтып кеткен. Мәжіліс төрағасы посткеңестік кеңістікте үздік оқу орындарының бірі саналатын Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіне табан тіреді. 

Ғалымдармен кездесіп, бір топ жаспен жүздесті. Нұрлан Нығматулин Елбасы мен Президенттің жас буынды қолдау бастамаларына тоқталды. Оларды жүзеге асыру механизмдері мәжіліс қарауынан өткені белгілі. Жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру 3 млрд теңгеге көбейтілді. «Жас маман» бойынша 200 мың жас оқытылса, «Жас кәсіпкер» жобасы негізінде 20 мың жас бизнеске машықтанды, тең жартысы грант иеленіп отыр. Дипломмен ауылға жол тартқандарға көмек көлемі ұлғайтылып, 6 мың маман 1 млрд 200 миллион теңге алып үлгерді. Биыл волонтерлар жылы. Оның аясында «Сабақтастық», «Саулық», «Асыл», «Қамқор» атты талай жоба орындалмақ. Волонтерлік қызмет арнайы заң жобасымен реттеледі.

Елдар Мақсұтов, волонтёр:

- Осылайша қоғамның барлық өкілімен жүзбе-жүз кездесіп үлгерген мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин олардың хал ахуалын біліп,  заң үстемдігі, мемлекеттік бағдарламалардың заңнамалық қамтылу барысын баяндады.

Индира Жылқайдарова, тілші: 

- Абай, Шәкәрім, Әуезовтар туған киелі мекен - Шығыс Қазақстанда өнеркәсіп те, өнер де өрлеп тұр. Сан тараптан инвестициялар құйылып, инфрақұрылым өрістеп, сан мың әлеуметтік нысан бой көтеруде. Халықтың арманы мен аманаты жолында аянбаған депутаттар өңірлерге сапарында заң жобаларын түсіндіріп қана қоймай, елмен етене жақын танысып, емен-жарқын әңгімеде  мұңын,мұқтажын сұрап біледі. Енді олар еленіп,ескеріліп елордада шешімін табады. 

Авторлары: Индира Жылқайдарова, Айбол Жұмағұлов, Асқар Әбілдаев, Жомарт Елеуов

Хабар 24 телеарнасы