429,96 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының атқарушы хатшысын қабылдады

  • 442
  • UPD: 21:10, 15.01.2020

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының атқарушы хатшысы Джанлука Эспозитоны қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесу барысында Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына мүше болып кіру мәселесі, сондай-ақ Еуропа Кеңесімен ықпалдастығының перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев аталмыш топқа кіруге көрсетіп жатқан қолдауы үшін Еуропа кеңесіне ризашылығын білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда халықаралық ұйыммен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Біз аталған ұйымның қызметіне атсалысуға өте мүдделіміз. Бұл біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысымызға, сонымен қатар ел дамуына кері әсер ететін басқа да мәселелердің шешілуіне тың серпін береді деп сенеміз.

Джанлука Эспозито, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының атқарушы хатшысы:

– Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына мүше болуы жемқорлықпен күрестің принциптері мен тетіктерін жетілдіру ісіне ғана емес, сондай-ақ бизнес ахуалды жақсартуға, мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын жандандыруға да септігін тигізеді. Қазақстан мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының ынтымақтастығы екі тарапқа да тиімді болады.

Хабар 24 телеарнасы