426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады

  • 481
  • UPD: 20:06, 15.01.2020
Елбасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинмен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүздесу барысында Елбасыға Nur Otan партиясы фракциясына берілген тапсырмалардың орындалу барысы баяндалды. Тұңғыш Президент партия депутаттары халықтың тілек-өтінішін дер кезінде орындауы қажеттігін атап өтті. «Бұл – саяси ұйым мен барлық деңгейдегі депутаттардың міндеті. Біздің жалпы борышымыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ Елбасы экономикалық өсімді қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталып, Парламенттің рөлін арттыру керектігін айтты. «Үкіметті қалыптастыруда Парламент басты рөл атқаруы тиіс. Бірге заңдар мен бағдарламалар қабылдап, халыққа жауап беру қажет», - деді Елбасы. Өз кезегінде Нұрлан Нығматулин еліміздің Тұңғыш Президентіне депуттардың өңірлерге жасаған сапары жайында мәлімдеп, төменгі палатаның жұмысын баяндады.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Биылғы бесінші қаңтардан бастап барлық депутат оның ішінде партия фракциясының мүшелері еліміздің бүкіл аймағын, шалғай елді мекендерді аралап келді. Парламент мүшелері халықпен мың жарымнан аса кездесу өткізді. Әлеуметтік көмектің жаңа үлгісі, Денсаулық сақтау кодексі, жұртшылықты жұмыспен қамту жайында ел тұрғындарына кеңінен мәлімет берілді. Халықтың тілек-өтініші алдағы уақытта заң қарау кезінде ескерілетін болады. Былтырғы қыркүйек айынан бастап Мәжіліс ұзын ырғасы 97 заң жобасын қарауға алды. Оның 37-сі осы күнге дейін мақұлданып, Сенатқа жолданды.

Хабар 24 телеарнасы