418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгта істі болған қазақстандық студент кепілдікпен босап шықты

  • 276
  • UPD: 16:55, 16.01.2020
Гонконгта істі болған қазақстандық студент кепілдікпен босап шықты

15 қаңтар күні Гонконгтың аудандық сотында Әбілқайыр Нукпиді кепілдікпен шығару бойынша үшінші сот отырысы өтті.

Ә.Нукпидің мүддесін Баптистік университет ұсынған адвокат қорғады.

Қорғаушы тараптың дәлелдерін назарға ала отырып, сот Ә.Нукпиді кепілдікпен босату туралы шешім қабылдады.

Сот шешіміне сәйкес, Ә.Нукпи 2020 жылғы 26 ақпанға белгіленген келесі сот отырысына дейін анасымен бірге Баптистік университеттің кампусында болып, бекітілген коменданттық сағатты сақтауға міндетті.

ҚР Гонконгтағы бас консулдығы Ә.Нукпидің анасына толық қолдау көрсетіп, адвокаттармен келіссөздер жүргізуіне, сот отырыстарына қатысуына және басқа да қажетті консулдық-құқықтық мәселелеріне атсалысуда.

Ақпарат көзі: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы