380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Жоғарғы сот төрағасын қабылдады

  • 163
  • UPD: 23:23, 16.01.2020

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады. Кездесуде сот саласын реформалау аясында іске асырылып жатқан шаралар талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев ел басқарудағы сот жүйесінің орны ерекше екенін айтып, халықтың сотқа деген сенімін арттыру керектігіне тоқталды. Өз кезегінде Жақып Асанов судьялардың аттестациядан өтуі мен олардың жүктемесін азайтуға байланысты атқарылған жұмысты баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Барлық реформаларды жасадық мемлекетті құрдық. 100 қадамның ішінде сот жүйесінің құқық қорғау жүйесінің қалай болу керек екені айтылған. Сотқа деген сенім күшейіп келе жатыр. Бүкіл басқару жүйесінің ішінде Үкімет, Парламент барлығын алғанда осы Сот жүйесінің орны бөлек. Ел сотқа сеніп, барлық мәселелерін сол жерге барып әділетті түрде шешу жөнінде сенімді болу керек.

Хабар 24 телеарнасы