Ә.Исекешев ҚР Президентінің көмекшісі – ҚК Хатшысы қызметіне тағайындалды
- 922
- UPD: 18:36, 16.01.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қызметіне тағайындалды.
Ә.Ө. Исекешевті Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қызметіне тағайындау туралы
Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 16 қаңтар
№ 246
