448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ерлан Қарин Ұлттық кеңес мүшелерімен кездесті

  • 277
  • UPD: 14:30, 18.01.2020
Ерлан Қарин Ұлттық кеңес мүшелерімен кездесті

ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірқатар мүшесімен кездесті.

«Ұлттық кеңестің бірқатар мүшесімен кездесіп, Президенттің жуырда жариялаған жаңа бастамалары қалай жүзеге асырылатындығы туралы ақпарат бердім. Ұлттық кеңестің желтоқсан айында өткен екінші отырысы бойынша Президент Әкімшілігінің жетекшісі Ерлан Жақанұлы Қошановтың қолымен арнайы Жоспар бекітілді. Ол жоспарға сәйкес тиісті мемлекеттік құрылымдар жуық арада әр бастама бойынша заң жобаларын дайындауы қажет», - деп жазды Ерлан Қарин Facebook-тегі парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы