379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қылмыскерлерді экстрадициялау туралы заң жобасы мақұлданды

  • 151
  • UPD: 14:58, 22.01.2020
Қылмыскерлерді экстрадициялау туралы заң жобасы мақұлданды

Қазақстан мен Бразилия бір-біріне қылмыс жасаған адамдарды ұстап беруге көмектеседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті заң жобасын бүгін Мәжіліс депутаттары мақұлдады. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов «егер адам біздің жақта қылмыс жасап, Бразилияда жасырынып жүрсе, ол қамауға алынады және Қазақстанға беріледі. Дәл осылайша қылмыскер елімізде бой тасалап жүрсе, біз Бразилия тарапына әлгі адамды экстрадициялауға міндетті боламыз» – деді.

Қазір екі елде құқық қорғау органдарынан жасырынып жүргендер жоқ. Айта кетейік, осы күні қос ел арасында қылмыспен күрес бағытында үш негізгі шарт бар.

Марат Ахметжанов, ҚР бас прокурорының орынбасары:

– Реттейміз, қалай, қандай уақытта береміз. Қалай алып келеміз. Қандай шығындар бар. Мен айтып кеткен Қазақстанның заңнамасына сәйкес мұндай құқықтық көмек 30 елмен бар. Ол АҚШ, Ұлыбритания тағы басқа елдермен. Бұл Қазақстанның заңнамасы халықаралық заңнамаға сәйкес дегенді білдіреді. Сондықтан визасыз елдерге біздің қылмыскерлердің қашып кетуіне тиым салынады.

Хабар 24 телеарнасы