Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевпен кездесті.
Кездесу барысында ұлттық қауіпсіздік пен елдің қорғанысын қамтамасыз етудегі Қауіпсіздік кеңесінің рөлін атап өтті. «Елдегі құқық қорғау саласы, азық-түлік қауіпсіздігі – басты бағыт, сондықтан бастаған жұмыстар аяқсыз қалмауы қажет», – деді Елбасы. Әсет Исекешев өз кезегінде биылғы жұмыс жоспарымен бөлісті.