418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін мемлекет басшысының төрағалығымен Үкімет отырысы өтеді

  • 384
  • UPD: 16:57, 24.01.2020

Бүгін мемлекет басышысының қатысуымен Үкімет отырысы өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев сала басшыларын осымен екінші рет жинағалы отыр.

Былтыр жазда өткен жиында Президент бірнеше тапсырма жүктеген еді. Олар орындалып жатыр ма?  Сарапшылар үкімет жұмысын қалай бағалап отыр? 

- Без перерыва будем работать!

- Нужно отсечь все программы, которые попросту не нужны или служат источником обогощения.    

- Министр сельского хозяйтсво, до вас еще дойдет очередь!

- Значит мы являемся плохими управленцами. Другого вывода здесь нет. 

- По сути мы вернемся к этому вопросу через пол года. Проверим,  то что вы сказали! Отырыңыз! 

Бұл жиынды шенді біткен көпке дейін ұмыта қоймас. Сала басшыларын тегіс жиып, олқы тұсты жіпке тізген Президент министрлерді шетінен орнынан тұрғызып жауап алған. Тіпті Арыстағы апаттан соң қорғаныс министріне сөгіс жариялағаны ел есінде. 

- Объявляю вам строгий выговор!

- Есть! 

Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында әлеуметтік-экономикалық салаға басымдық берілетінін айтты. Іле-шала борышкерлердің несиесі кешірілді. Дауға ұласқан атаулы әлеуметтік көмек берудің тәртібі өзгерді. Сөйтіп, жағдайы жұтаң жандардың тұрмысын тіктеуге мүмкіндік туды. 

Айгүл Сәдуақасова, әлеуметтанушы:

- Мемлекет тек қана осындай арнайы әлеуметтік көмек талап ететін топтарға ғана көмектесіп жатыр бұл жерде.  Бұл мемлекеттің өзінің әлеуметтік мемлекет деген функциясын  орындауы. 

Биылғы жылдан бастап көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Билік олардың табысына қарамайды. Ақшаны бала санына байланысты береді. 4 баласы барлар – 42 мың теңге, ал 7 баласы барлар 73 мың теңге көлемінде жәрдемақы алады.   

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Биыл осы жәрдемақыға республикалық бюджеттен 177 миллиард теңге қарастырылған. Қаңтар айында 367 мың көпбалалы отбасына осы жәрдемақы тағайындалды. Бұдан бөлек отбасында жұмысқа қабілетті адам болса, оған жұмыс ұсынылады. Одан бас тартса, барлық отбасы мүшелері атаулы әлеуметтік көмектен айырылады. 

Қазір елімізде 343 мың көп балалы отбасы бар. Оның 61 пайызы төрт баланы тәриелеп отыр. Ал жеті және одан да көп баласы барлардың саны 3 пайызды құрайды. Сарапшылар әлеуметтің әлжуаз топтарына көмек қолын созған дұрыс дейді. Бірақ қолдауға жұмсалатын қаржы ұлттық қордан алынбауы тиіс дегенді айтты.   

Сапарбай Жұбаев, экономист:

- Біз жалпы ішкі өнімнің 20-20 пайызын бюджетке жинаймыз. Сол бюджетке дүниежүзі мемлекеттері өзінің салығынан жиналады. Сол салықты жинап, халыққа әлеуметтік жағынан жәрдем береді. білімге, денсаулыққа беріп, сонымен қаржыландырады. Ал бізде бүгінгі күнде, өкінішке орай, салық 66 пайызын беріп тұр да, қалған 34 пайызын ұлттық қордың ақшасынан пайдаланып жатырмыз. 

Мемлекет басшысының пәрменімен биыл елде медицина қызметкерлерінің, ұстаздар қауымының және мәдениет саласында еңбек ететіндердің жалақысы өсті. Студенттердің шәкіртақысы көбейді. Бірақ сарапшылар табыс молайса, адамдардың енжар бола бастайтынын жоққа шығармайды. Сондықтан жәрдемақы жөнімен жұмсалса екен. дейді.  

Айгүл Сәдуақасова, әлеуметтанушы:

- Балаға берілетін жәрдемақыны кіріс деп есептеп келдік. Ал негізі балаға берілген төлемақыны кіріс деп есептемеу керек. Бұл баланың тәрбиесіне, оқуына, денсаулығына жұмсалатын қаржы. Солай деп көру керек.  

Президент зейнетақы қорындағы қаражаттың бір бөлігін баспаналы болуға және емделуге жұмсауға рұқсат беруді тапсырған еді. Ол үшін Үкімет жанынан арнайы комиссия құрылып, өз ұсыныстарын әзірлеген. Сөйтіп, Президенттің қарауынжіберді. 

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:   

- Зейнеткерлікке шыққанда жақсы өмір сүру үшін біздің есебіміз бойынша ең кем дегенде 11-12 млн теңге оның есепшотында болуы керек. Біз оның барлығын қазір есептедік. Мемлекет басшысы қалай шешім қабылдайды, біз оны жүзеге асырамыз. 

Бұл ұсыныс қоғам тарапынан қызу талқыланды. Сынап, мінегендер болды. Ақыры бұл мәселе бойынша түбегейлі шешім қабылданбады. Ұсыныс шикі болса керек. 

Олжас Құдайбергенов, ҚР Президентінің кеңесшісі:

- Президенттің тапсырмасы орындалған жоқ. Жұмыс тобының мүшесі ретінде мен бұл шешімді жұмыс тобының емес, Еңбек министрлігінің шешімі деп мәлімдеймін. Мен 100% қарсы болдым. Президент үшін шешім халықтың пайдасына 1 пайыз емес, 99 пайыз шешілуі керек.

Қалай десек те билік әлеуметтік-экономикалық саланы ілгерілетуге ден қойды. Озық тұсы да, олқы тұсы да бар. Сарапшылар сең бұзыла бастады дегенді айтады. Солар боларына сенейік.

Авторлары: Дастан Сейілханұлы, Асхат Қарақойшиев

Хабар 24 телеарнасы