Президент Үкімет мүшелері мен әкімдерге кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік берді
- 610
- UPD: 13:19, 24.01.2020

Мемлекет басшысы Үкімет мүшелеріне және әкімдерге кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік беріп отырғанын айтты, деп хабарлады Ақорданың twitter-дегі парақшасы.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қ.Тоқаев: «Сөгіс беру жақсы нәтижеге жетудің аса тиімді жолы емес. Бұл – менің нақты ұстанымым. Сондықтан Үкімет мүшелеріне және әкімдерге кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік беріп отырмын. Бүгінгі жиын барысында берілген тапсырмаларды зор жауапкершілікпен орындау қажет», – деді.
Сонымен қатар ауқымды міндеттерді жүйелі түрде және халық алдындағы жауапкершілікті толық сезіне отырып шешу қажеттігін айтты: «Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Бұл – экономиканы дамытудың жаңа жолдарын табу, халықтың әл-ауқатын арттыру, мемлекетіміздің әлеуетін толық пайдалану.
Мұның бәрін жүйелі түрде және халық алдындағы жауапкершілікті толық сезіне отырып шешуіміз керек».