376,74 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

  • 138
  • UPD: 14:06, 25.01.2020
Елбасы Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Elbasy.kz хабарлайды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркияның Элязыг және Малатья провинцияларында орын алған және адамдардың қазасына әкеліп соқтырған қуатты жер сілкінісі туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

«Осындай қиын сәтте қаза тапқандардың туыс-туғандарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.

Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін», - делінген жеделхатта.

 

Хабар 24 телеарнасы