376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді

  • 163
  • UPD: 22:54, 27.01.2020

Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуде қордың өткен жылы атқарған жұмысы баяндалды. Ахметжан Есімов қор компаниялары тобының таза кірісі 1 трлн 200 млрд теңгеге жетіп, жоспардың 38 процентке артық орындалғанын жеткізді. Қарыз жүктемесі 2017 жылдан бері 1 трлн теңгеге, ал сыртқы қарыз 5 млрд 100 млн АҚШ долларына азайған. Бұдан бөлек, Елбасыға қор компанияларының қаржылық жағдайын жақсарту, компанияларды IPO-ға шығару және жекешелендіру жоспарының орындалуы барысы баяндалды. Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Бұдан кейін Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының төрағасын қабылдады. Ғалымжан Пірматов Тұңғыш Президентке өткен жылғы жұмыстарды баяндап, биылға арналған жоспарды таныстырды. Айтуынша, 2019 жылға арналған өндірістік және қаржылық көрсеткіштер түгелдей орындалған. Сосын компания екі жыл қатарынан ең ірі өндіруші ғана емес, әлемдегі ең ірі уран сатушы атанып отыр.

Хабар 24 телеарнасы