418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР СІМ Берлинде климатты қорғау жөніндегі конференцияға қатысты

  • 319
  • UPD: 13:11, 30.01.2020

Берлинде климатты қорғау мәселелері жөніндегі жоғарғы деңгейдегі конференция өтті. Ауа райының өзгеруі әлемдегі мұздықтардың еруі, алапат су тасқындары мен жойқын орман өрттеріне әкеліп жүр.

Ғаламдық жылынуды қалай тоқтауға болады? Басқосуға қатысқан министрлер мен Еуропа және Азияның жетекші сарапшылары осы сауалға жауап табуға тырысты. Конференция барысында Орталық Азиядағы 5 мемлекеттің сыртқы істер министрлері қоршаған ортаны қорғау жөнінде декларацияға қол қойды. Қазақстан сыртқы істер министрі өз сөзінде неміс тарапына ұсынған «Жасыл Орталық Азия» бастамасы үшін алғысын білдіріп, оның аймағымыз үшін маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Сондай-ақ Мұхтар Тілеуберді неміс әріптесі Хайко Мааспен кездесіп, екі жақты ынтымақтастығымыздың әлеуетін талқылады.  

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Германия «Жасыл Орталық Азия» бастамасын ұсынды. Бұл тұста ең алдымен ақпарат алмасу, аймағымыздағы экологиялық өзгерістерді бағалау қарастырылып, тиісті нұсқаулар беріледі. Осы декларация аясында бірлескен жол картасын дайындаймыз. Яғни экологияға келтірілген теріс әсерді еңсеру мақсатымен нақты әр елге қатысты бірлескен іс-қимылдар әзірленеді.

Хабар 24 телеарнасы