411,72 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мишустин алғашқы сапарын Қазақстаннан бастауы тегін емес екенін айтты

  • 283
  • UPD: 13:18, 31.01.2020
Мишустин алғашқы сапарын Қазақстаннан бастауы тегін емес екенін айтты

Еліміздің Премьер-министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Алматы қаласында өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына және Digital Almaty форумына қатысу үшін келген. Кездесу барысында Асқар Мамин екі ел арасындағы қарым-қатынастардың стратегиялық бағытын іске асыруға ниетін жеткізді. Сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың жоғары оң динамикасын қолдау үшін бірлескен жұмыстарды жалғастыру қажет екенін атап өтті. Өз кезегінде Михаил Мишустин үкімет басшысы ретінде алғашқы сапарын Қазақстаннан бастауы тегін емес екенін айтты. Ол қос мемлекеттің достық қатынастары бұрыннан қалыптасқанын, бұл аймақтағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты қарқынды түрде дамытып жатқанын тілге тиек етті. Асқар Мамин мен Михаил Мишустин биыл қараша айында Көкшетау қаласында өтетін «Экологиялық ынтымақтастық» тақырыбындағы XVII аймақаралық ынтымақтастық форумына сапалы әзірленудің маңыздылығына баса назар аударды.

Хабар 24 телеарнасы