378,40 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан елшісі Чех республикасының президентіне сенім грамоталарын табыстады

  • 71
Қазақстан елшісі Чех республикасының президентіне сенім грамоталарын табыстады mfa.gov.kz

Қазақстанның Чех республикасындағы елшісі Марат Тәжин Чех Республикасының Президенті Милош Земанға сенім грамоталарын табыстады.

Кездесу барысында Милош Земан екіжақты саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың даму болашақтарын атап өтті. 

Чех Республикасы Президентінің айтуынша Қазақстан Чехия үшін Орталық Азия және ТМД елдерінің ішіндегі басымдыққа ие елдердің бірі болып табылады. 

Өз кезегінде Қазақстан Елшісі Марат Тәжин чех тарапына Қазақстанның халықаралық бастамаларында, экономикалық, саяси және гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы мәселелерде қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы