431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы РФ үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

  • 226
  • UPD: 16:31, 01.02.2020

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та Ресей үкіметінің төрағасымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесу барысында Тұңғыш Президент Михаил Мишустинді жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Қазақстан көрші Ресеймен арадағы байланысты дамытуға көп күш жұмсады. Қазір екі мемлекеттің өзара ынтымақтастығы өзгелерге үлгі болатын дәрежеге жетті. Ресей Үкіметінің төрағасы Елбасыға Владимир Путиннің ыстық ықыласын жеткізді.

Михаил Мишустин, РФ үкіметінің төрағасы:

– Ресей үкіметінің төрағасы ретіндегі алғашқы шетелдік сапарымды осы Қазақстаннан бастап отырмын. Оның өзіндік мәні бар. Ресей мен Қазақстан арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Осы сәтті пайдалана отырып, Ресей Федерациясының төрағасы Владимир Путиннің жылы лебізін жеткізгім келеді.

Хабар 24 телеарнасы