420,07 490,30 5.68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесті

  • 344
  • UPD: 18:13, 01.02.2020
Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесті

Еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильдпен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар ұйымның 75 жылдығын мерекелеуге дайындық бойынша пікір алмасты. Кездесуде Мұхтар Тілеуберді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік жастар кадрлық резервін құру және Қазақстанда цифрландыру саласында жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Кеше Алматыда өткен «Digital Almaty» халықаралық форумына қатысқан Фабрицио Хохшильд Қазақстанның БҰҰ қызметіндегі белсенді рөлін жоғары бағалады.

Айта кетейік, БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясының негізгі тақырыбы цифрландыру мәселелері мен жастарға арналады.

Фабрицио Хохшильд, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары:

Біз көптеген сала бойынша ынтымақтастықты арттыру жайын талқыладық. Қазақстанның жеткен жетістіктері көп. Әсіресе, цифрландыру саласында алға жылжу байқалады. Сондықтан кей елдерге үлгі десем болады. Қазақстан БҰҰ-ға мүше болған 27 жыл ішінде Ұйым қызметінің барлық бағыттары бойынша жоғары деңгейге қол жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы