426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұхтар Тілеуберді Майкл Помпеомен шағын құрамда келіссөз жүргізді

  • 396
  • UPD: 15:38, 02.02.2020

Елімізге АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео арнайы сапармен келді. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді делегация өкілдерін қабылдап, шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кейін баспасөзге мәлімдеме жасады. Күн тәртібінде Қазақстан мен АҚШ-тың экономикалық әріптестігін тереңдету және құқықтық базаны кеңейту мәселелері талқыланды.

Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, таяуда ғана бұл мемлекетпен әуе қатынастастары саласында ашық аспан шартына қол қойылды. Осы құжат арқылы арада тікелей рейстер ашылып ғана қоймай, қазақстандық әуежайлар мен әуе компанияларына жоғары деңгейдегі стандарттар енгізіледі. Еліміз Құрама Штаттарды инвестиция, озық технология және білім көзі ретінде қарастырады. Сондықтан өзара ынтымақтастықты нығайтуға басымдық берілген. 

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Премьер-Министр желтоқсан айында АҚШ-қа жұмыс сапарымен барды. Ауыл шаруашылығы саласында ірі жобаны жүзеге асыру жөнінде келісім жасалды. Қазір өндіріс орналасатын аймақ белгілі. Онда мал шаруашылығын дамытуға арналған толыққанды жүйе пайда болады. 

Майкл Помпео, АҚШ мемлекеттік хатшысы:

- Қазақстан мен АҚШ-тың сенімді серіктестік орнатуға мүмкіндігі көп. Біздің елдің компаниялары қазақстандық талантты азаматтарды жұмысқа тартып, еңбекпен қамтуға дайын. Алдағы уақытта бұл мемлекетке тағы бір мәрте келіп, америкалық инвестицияларға жаңа жол ашуға асықпын. 

АҚШ мемлекеттік хатшысы арадағы әріптестік Қазақстанға зор пайда әкелетініне сенім білдірді. Бұдан бөлек елімізге Қытайдан төнген коронавирусқа қарсы күресте көмек көрсетуге әзір екенін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы