435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысымен кездесті

  • 383
  • UPD: 20:41, 02.02.2020

Бүгін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеомен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқосуда екі елдің стратегиялық серіктестігін нығайту жолында жасалған игі қадамдар сөз болды. Майкл Помпео Елбасыға құрама штаттар президенті Дональд Трамптың ыстық сәлемін жеткізді. Әрі сапардың нәтижелеріне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– На заре независимости нами было заключено соглашение с компанией «Шеврон». С этого момента американские инвестиции пришли в Казахстан. Сегодня у нас функционирует 410 совместных предприятий. Объем американских инвестиций превысил 45 млрд долларов США

Майкл Помпео, АҚШ мемлекеттік хатшысы:

– Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және Сыртқы істер министрімен мазмұнды келіссөз жүргіздім. Қазақстан – 90-жылдардан бері АҚШ-тың сенімді досы. Әріптестігіміз өте жақсы дамып келеді. Президент Дональд Трамп өзіңізге сәлемін жолдады.

Хабар 24 телеарнасы