425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда 15 агро-логистикалық орталық құрылады

  • 485
  • UPD: 10:23, 04.02.2020
Қазақстанда 15 агро-логистикалық орталық құрылады

Қазақстанда 15 агро-логистикалық орталық құрылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тауар өткізу инфрақұрылымы аясында 15 агро-логистикалық орталық құру жоспарлануда. Орталықтар өндірушілердің жанында болады және тауарларды жинауды, сақтауды және бастапқы өңдеуді жүзеге асырады. Сондай-ақ көтерме-тарату орталықтарының желісі құрылатын болады», – деді ол. Министрдің айтуынша, аталған көпфункционалды орталықтар өндірушілер мен сатып алушылардың кездесу орнына айналады. Заманауи көтерме базарлар жүйесі қалыптасады және тауарларды жеткізу логистикасы оңтайландырылады. «Біз тауар өткізу жүйесі нысандарын сатудың нақты мерзімдері мен өңірлерді анықтадық. Әкімдерге инвесторлармен туындаған барлық мәселелерді уақытында пысықтауды және әкімшілік кедергілерді жедел жоюды тапсыруды сұраймыз», – деді Бақыт Сұлтанов.

Хабар 24 телеарнасы