447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

  • 350
  • UPD: 16:16, 04.02.2020
Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы қаулысымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлады primeminister.kz.

Сұңғат Есімханов 1973 жылы 30 қарашада Павлодар облысында дүниеге келген. 1996 жылы Павлодар индустриалды институтын, 2007 жылы Қарағандының ​​«Болашақ» өзекті білім беру институтын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1996 жылы «Алюминий Қазақстан» АҚ-ның гидрометаллургиялық цехында инженер болып бастаған. 

2001-2007 жылдары Астана, Ақтау, Қарағанды қалалары бойынша ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің құрылымында маман, бөлім басшысы, департамент директоры қызметтерін атқарған.

2008-2010 жылдары Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды. 

2010-2013 жылдары «Қазақэнергосараптау» АҚ президенті болды.  

2013-2014 жылдары ҚР  Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2014-2018 жылдары ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2018 жылғы қарашадан бастап қазіргі таңға дейін ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды. 

Хабар 24 телеарнасы