447,59 487,00 5.74

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Бауыржан Байбекке бірқатар тапсырма берді

  • 241
  • UPD: 20:11, 05.02.2020

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында халықпен кері байланыс орнату, саяси актив құрамының сапасын жақсарту және саяси кеңестің кеңейтілген отырысына дайындық барысы талқыланды. Бауыржан Байбек былтыр 213 мың адам партия көмегіне жүгінгенін атап өтті. Әлеуметтік зерттеу нәтижесінде әрбір төртінші азамат қандай да бір мәселе туындаған жағдайда арыз-шағымын осы ұйымға жолдайтыны айтылды. Сондай-ақ нұротандықтар ауыл-ауылды аралап, халықтың жай-күйімен танысып жүргені жөнінде есеп берілді. Елбасы өз кезегінде аймақтардың инфрақұрылымдық мәселелеріне баса мән беру керектігін айтты. Әсіресе, ішкі жолдардың қалпына келтірілуі – азаматтар үшін маңызды жайт деді партия төрағасы.

Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

– Саяси кеңестің кеңейтілген отырысына дайындықты бастап кеттік. Былтыр партияға 213 мыңнан аса азамат жүгінді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 34% жоғары. Әлеуметтік сауалнама деректері бойынша әрбір төртінші қазақстандық құқықтары бұзылған жағдайда партияға өтініш жолдайды. Қазір біздің жақтастарымыздың саны өсуде. Нық сенімді дегендерінің үлесі жарты жылда 2 млн-ға жетті. Атырауда болдым. Махат, Жылыой аудандарында болдық. Кездесулер өткіздік. Көп сұрақ болды. Мәселен, теміржолдың үстінен көпір салуды қарастырдық. Тағы жол мәселесі бар. Мысалы, бір емханада жылу болмады.

Сондай-ақ бүгін Елбасы Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру жөніндегі қаулыға қол қойды. Соған сай, жиын 18 наурыз күні өтетін болды. Отырыста саяси ұйымның биылғы басым бағыттары талқыланады деді хабарлады Елбасының баспасөз хатшысы.

Хабар 24 телеарнасы