418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көшербаев Путинге сенім грамотасын табыстады

  • 367
  • UPD: 07:36, 06.02.2020
Көшербаев Путинге сенім грамотасын табыстады

Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Ермек Көшербаев Ресей президенті Владимир Путинге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шара қалыптасқан дәстүр бойынша Үлкен Кремль сарайының Александр залында өтті. Бұл күні 23 мемлекеттің жаңа тағайындалған елшілері сенім грамоталарын тапсырған болатын. Владимир Путин алғы сөзінде Қазақстан және Ресей халықаралық мәселелер бойынша ұстанымын үйлестіретін айтып, Сириядағы жанжалды реттеу бойынша келіссөздер алаңын қамтамасыз еткен қазақстандық серіктестерінің бастамасын ерекше атап өтті.

Еске салып кетсек, 29 қаңтарда Ермек Көшербаев мемлекет басшысының жарлығымен Ресейдегі Қазақстан елшісі болып тағайындалды.

Владимир Путин, РФ президенті:

- Ресей мен Қазақстан арасындағы қатынастар сенімді стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың үлгісі. Екіжақты әрекеттеріміз халықтарымыз арасындағы берік тарихи, мәдени және рухани байланыстарға негізделген. Қазақстан басшылығымен жеткен өзара сенім мен ықпалдасу деңгейін жоғары бағалаймыз. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграция негізінен Ресей мен Қазақстанның бірлескен еңбегі арқасында дамып жатыр. Елдер арасындағы экономикалық қатынастар барлық бағытта ұлғайып келеді.

Хабар 24 телеарнасы