418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторинг орталығы құрылды

  • 355
  • UPD: 11:07, 06.02.2020
Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторинг орталығы құрылды

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-те жазды.

Президент Әкімшілігі жанынан Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы құрылды. Мемлекет басшысы мұндай институт құру туралы 2020 жылдың 24 қаңтарында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

Орталыққа Президент Әкімшілігі басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Т.М.Сүлейменов басшылық етеді.
Орталықтың құрамына экономика және қаржы саласы бойынша белгілі қазақстандық сарапшылар кіреді. Негізгі міндеті – бейтарап сараптама әзірлеу және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жедел жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар дайындау.

Хабар 24 телеарнасы