432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Р.Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

  • 601
  • UPD: 16:56, 06.02.2020
Қ.Тоқаев Р.Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Ван провинциясындағы қар көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды.

«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтар мен жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Алла тағаладан табиғи апат кезінде қаза тапқандардың жандары жәннатта болуын, жараланғандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін», – делінген жеделхатта.

Бұған дейін Түркияда қар көшкінінен 38 адам көз жұмып, 68 азамат құтқарылғанын хабарлағанбыз.

Хабар 24 телеарнасы