418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркиядағы ұшақ апатынан жараланған отандастарымыздың жағдайы белгілі болды

  • 516
  • UPD: 19:05, 06.02.2020

Ыстамбұлдағы ұшақ апаты кезінде жапа шеккен 2 қазақстандық азамат жеңіл жарақат алған. Осыған байланысты қандасымыздың бірі дәрігерлердің тексеруінен кейін ауруханаға жатудан бас тартқан.

Ал екінші азаматымыз қысқа ем-дом алып, ауруханадан шықты. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Еске сала кетейік, кеше Pegasus Airlines компаниясына тиесілі ұшақ Ыстамбұл әуежайына қонар кезде апатқа ұшырап, 3 жолаушы қайтыс болды. Тағы 179 кісі жарақат алды. Әуе лайнері қона бергенде тұмсығымен жолақты сызып, үш бөлікке бөлінген. Төтенше оқиға кезінде ұшақ бортында 183 адам болған. Оның алтауы экипаж мүшесі. Әзірге апаттың нақты себебі белгісіз. Оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы