376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бакуде Түркі кеңесі сыртқы істер министрлерінің отырысы өтеді

  • 118
Бакуде Түркі кеңесі сыртқы істер министрлерінің отырысы өтеді

Баку қаласында Түркі кеңесі сыртқы істер министрлерінің кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлері Кеңестің өзге елдермен ынтымақтастығы және қаржылық институтын құру мәселелерін талқыға салып, Түркі кеңесінің құрметті төрағасы туралы ережені қабылдады.

Еске салсақ, былтыр қазан айында өткен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінің 7-саммитінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Назарбаев кеңестің құрметті төрағасы болып сайланған еді.

Іс-шара барысында Түркі кеңесіне мүше емес мемлекеттер және ұйымдар арасында ынтымақтастық орнату, ұйымның атауын өзгерту, «2040 – түркі келешегі» бағдарламасы секілді өзекті мәселелер қарастырылды.

Басқосуда ұйымның болашақ жұмысы мен құрылымы және Вышеград тобы мен АСЕАН секілді халықаралық институттармен серіктестік жиегін кеңейту мәселелері талқыға салынды.

Мевлют Чавушоглу, Түркия сыртқы істер министрі:

– Түркі Кеңесінің күшті ұйым болғанын қалаймыз. Құрылымын жетілдірсек, әлемде беделі артады. Осы бағыттағы ұсыныстарды қарастырдық. Осы сауадарды талқылау үшін БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында қайта кездесуге келістік. Барлық шешімдерімізді Түркияда өтетін 8-саммитте мемлекет басшыларының назарына ұсынуды көздеп отырмыз.

Түркі кеңесінің Бас хатшысы, қазақстандық дипломат Бағдад Әміреев өз баяндамасында халықаралық қауымдастықтың Түркі кеңесіне қызығушылығы арта түскенін хабарлады. Кейбір елдер мен халықаралық ұйымдар кеңеске бақылаушы ретінде кіруге ниетті. Осыған байланысты, ұйымға бақылаушы және серіктес мәртебесін алу туралы ереженің қабылдануының маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ Кеңес Инвестициялық қор құру жұмсына кірісіп кетті. Оны Ыстамбұлда өтетін саммитте ашу жоспарда бар.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы