424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Тоқаев: Қордайдағы жағдайға жол бергендер жауапқа тартылады

  • 723
  • UPD: 10:21, 09.02.2020
Қ.Тоқаев: Қордайдағы жағдайға жол бергендер жауапқа тартылады

Мемлекет басшысы Жамбыл облысы Қордай ауданында болған кикілжіңге қатысты twitter-де пікір білдірді.

«Бұл күндері азаматтарымыздан көптеген өтініштер келіп түсуде. Дүнген баласының бейнежазбасына назар аудардым. Жауап беремін: Менің міндетім – елімізде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету»,– делінген твитте.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік орган қызметкерлерінің салғырттығынан арандатушылар қантөгіс жасағанын және олар жазаланатынын мәлімдеді.

«Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ!», – деді Президент.

Хабар 24 телеарнасы