378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы ҚР ішкі істер министрін қабылдады

  • 146
  • UPD: 16:58, 10.02.2020
Мемлекет басшысы ҚР ішкі істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жағдайды тұрақтандыруға байланысты қабылданып жатқан шаралар жайында есебін тыңдады, деп хабарлады akorda.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрге облыстағы ахуалды қатаң бақылауға алып, азаматтардың қауіпсіздігіне және еліміздің абыройына нұқсан келтіретін осындай оқиғаларға жол бермеу мақсатында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырды.

Қоғамдық тәртіпті бұзып, кісі өліміне және дүние-мүліктің бүлінуіне әкеп соқтырған бұзақылар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы