375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Қауіпсіздік кеңесінде бірқатар тағайындау жасалды

  • 132
  • UPD: 18:14, 10.02.2020
ҚР Қауіпсіздік кеңесінде бірқатар тағайындау жасалды

Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімдерімен:

Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары;

Қайыргелді Қайратұлы Есенеев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі;

Азамат Өмірзақұлы Бейісбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімдерімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты: Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметінен;

Андрей Анатольевич Калинин – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінен босатылды.

.

Хабар 24 телеарнасы