425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

  • 1230
  • UPD: 21:59, 10.02.2020
Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды. Облыс активіне жаңа әкімді таныстырған Асқар Мамин Бердібек Сапарбаевтың аймақтық және республикалық деңгейлердегі басшылық қызметтердегі тәжірибесін атап өтті.

«Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының дамуына ерекше көңіл бөледі. Қазіргі таңда өңір басшылығының алдында ауқымды міндеттер тұр. Ең алдымен, идеологиялық жұмысқа және ұлтаралық келісімнің нығаюына, әлеуметтік-экономикалық жағдай мен халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға баса назар аудару қажет», – деді Асқар Мамин.

Бердібек Сапарбаев әр жылдары Президент аппаратында, министрлер кабинетінде қызмет етіп, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарын басқарды. Айта кетейік, Бердібек Сапарбаев премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды. Ал бұған дейін Жамбыл өңірін басқарған Асқар Мырзахметов қызметінен ерікті түрде кету жөнінде өтініш берген. 

Хабар 24 телеарнасы