411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат төрағасы Дүниежүзілік банктің өкілімен кездесті

  • 251
  • UPD: 14:50, 11.02.2020

Қазақстанда қабылданған салық реформаларының нәтижесі мен салықтық жеңілдіктердің тиімділігін зерттеу керек.

Бұл туралы Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Лилия Бурунчук айтты. Сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның қабылдауында болған ол, банк тарапынан агроөнеркәсіптік кешен саласы, транзит әлеуеті және жасыл экономиканы мониторингтен өткізу жайын сөз етті.  Тараптар экономикалық процесті ұзақ мерзімді бақылау методологиясы, қолданыстағы статистиканы талдау және бағдарламаларды зерттеу бойынша консультация алмасуды одан әрі жалғастырмақ. Дариға Назарбаева өз кезегінде ел экономикасын одан әрі жетілдіру Сенат депутаттарының назарында екенін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы