411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады

  • 290
  • UPD: 19:15, 11.02.2020

Кездесу барысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев министрлік жұмысының негізгі бағыттары бойынша Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп берді.

Қазақстан Президентіне Экологиялық кодекстің әзірлену барысы жөнінде мәлімет берілді. Министрдің айтуынша, Кодекстің жобасын дайындау кезінде жұртшылықтың пікірі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің озық тәжірибелері ескеріліп, Парламент қарауына енгізілген.

Сонымен қатар Мағзұм Мырзағалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа су ресурстарын басқару және геологиялық барлаудың жаңа мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеу жұмыстары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы министрге тиісті бағдарламаларды дайындау барысында еліміздегі су қауіпсіздігінің барлық аспектілерін мұқият талдауды тапсырды. Сондай-ақ геологиялық барлау саласына шетелдік инвесторларды тартудың маңыздылығын айтты.

Хабар 24 телеарнасы