432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс ұжымдық қауіпсіздік хаттамаларына өзгерістер енгізу жобасын мақұлдады

  • 364
  • UPD: 13:19, 12.02.2020
Мәжіліс ұжымдық қауіпсіздік хаттамаларына өзгерістер енгізу жобасын мақұлдады

Бүгін Мәжіліс ұжымдық қауіпсіздік шартқа және келісімшарт ұйымының жарғысына өзгерістер енгізу туралы хаттамаларды ратификациялау жобасын мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді Арменияның премьер-министрі ұйым кеңесінің құрамына кіреді. Бұған себеп осы елдің парламенттік басқару жүйесіне көшуі болып отыр. Ұйымның жарғысы өзгерсе, жаңа нормалар негізінде серіктестік институты құрылады. Бұл басқа да халықаралық қауымдастықтармен тәжірибе бөлісуге мүмкіндік береді. Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымымен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға дайын. Ал оған мүше емес мемлекеттер ұйымның әріптесі мәртебесін алуға құқылы. 

 

 

Хабар 24 телеарнасы