381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда қылмыс жасаған қазақстандықтар жазасын өз Отанында өтей алады

  • 141
  • UPD: 14:07, 12.02.2020
Оңтүстік Кореяда қылмыс жасаған қазақстандықтар жазасын өз Отанында өтей алады

Оңтүстік Кореяда қылмыс жасаған қазақстандықтардың жазасын өз Отанында өтеу мүмкіндігі болады.

Осы мәселе Сеулде екі елдің Сыртқы істер министрліктері өкілдерінің арасындағы саяси консультациялар кезінде қаралды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Тиісті келісімге екі мемлекет басшылары өткен жылдың сәуір айында Корея Республикасының президенті Мун Дже Иннің Нұр-Сұлтанға жасаған сапары кезінде қол қойды. Желтоқсан айында бұл құжат Оңтүстік Корея Парламентінде ратификацияланды. Тиісті заңның қаралуы Мәжілісімізде де күтілуде. Екі ел дипломаттарының айтуынша, қазіргі уақытта Кореяның бір сотталған азаматы Қазақстанда жазасын өтеп жатыр. 8 қазақстандық корей түрмелерінде отыр, тағы 11 адамның ісі тергеушілер тергеп жатыр. Сондай-ақ, саяси консультацияларға қатысушылар Қазақстан мен Корея арасындағы сауда рекордтық деңгейге жеткенін атап өтті. Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің айтуынша, 2019 жылы Қазақстан-Корея саудасы 66 процентке артып, 6 жарым миллиард долларға жетті. Биыл өзара сауданың ұлғаюы күтілуде. Жаңа бірлескен жобалар келесі айда Сеулде Қазақстан-Корея үкіметаралық комиссиясында талқыланады.

Шахрат Нұрышев, ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары:

– Корей тарапы атом энергетикасы саласына қатты қызығушылық білдіріп отыр. Және де технологиялық парктар құру, Қазақстанда емханалар, ауруханалар мәселесіне соған қатты қызығушылық білдіріп отыр. Біздің делегацияның құрамында «Қазақ инвест» өкілдері де бар. Олар осы жерде өзінің әріптестерімен кездесулер өткізеді, нақты талқылаулар болады. Болашақта биік деңгейдегі кездесулерге жақсы негіз дайындайды.

Хабар 24 телеарнасы