412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысады

  • 409
  • UPD: 16:09, 12.02.2020
Қ.Тоқаев Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік бойынша Мюнхен конференциясына қатысады.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ҚР Парламенті Мәжілісінде айтып берді. «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты бұл конференцияға ұйымдастырушылар шақырды. Әрине ол шақыруды қабыл алып, қатысатынын айтты. Маған да жеке шақырту келіп түсті. Мен де Президентпен бірге осы коференцияға қатысамын», - деді М. Тілеуберді. Дипломаттың айтуынша, Мюнхен конференциясы аясында Президент пен министрдің екі жақты кездесулері жоспарланған.

«Әсіресе мені «Мультиреализм жолындағы альянс» форумы қызықтырып отыр. Бұл еуропалық бағыттағы жаңа тенденция және біз осы өзгерістерді зерттеуге, осы альянстың қызметіне белсене қатысуға ниет білдіріп отырмыз», - деді министр.

Мюнхен қауіпсіздік конференциясы – 1962 жылдан бері Германияның Мюнхен қаласында жыл сайын ұйымдастырылатын алқалы жиын. 1993 жылға дейін Христиан-әлеуметтік одағының ұйымдастыруымен әскери мәселелер конференциясы деп аталған. 1998 жылдан бастап жиынды Германия үкіметі қаржыландырып келеді. Биылғы конференция ақпанның 14-16 күндері аралығында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы