376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетовті қабылдады

  • 97
  • UPD: 20:56, 12.02.2020
Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, Президент тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берілді.

Архимед Мұхамбетов өңірдегі тұрғын үй құрылысының, соның ішінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына арналған баспаналар салудың  оң қарқыны, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету үшін қабылданған шаралар, сондай-ақ арнайы техника мен автомобильдер шығару жөніндегі маңызды индустриялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағаларының өсуіне жол бермеу шараларын қабылдаудың маңызды екенін атап өтіп, Арқалық жылу энергиясы орталығын қайта қалпына келтіру жұмыстарын тезірек аяқтауды тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы