435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері аймақтарға баруы тиіс - Саясаттанушы

  • 180
  • UPD: 15:36, 17.02.2020

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы аймақтарда да өтуі тиіс. Сондай-ақ кеңес мүшелері 3 айда емес, айына 1 рет жиналып, түйіткілді мәселелерді тездетіп шешуге атсалысқаны абзал.

«Мемлекеттік тіл туралы» жаңа заңды қабылдайтын да уақыт келді. Еуразиялық интеграция институтының саясаттанушылары кеңес жұмысына осындай сараптама жүргізіп, өз ойларын білдірді. Сарапшылардың айтуынша, бұл ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысын  жандандыру үшін мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты одан әрі нығайту үшін қажет.

Қатысушылардың айтуынша, қазірдің өзінде бұқараның көкейінде жүрген күрделі мәселелер биліктің құлағына жетіп, шешімін таба бастады.  

Бауыржан Серікбаев, саясаттанушы:

- Бұл сарапшы ретіндегі жеке пікірім. Басқосуымыздың мақсаты сол ғой талқылап, болашақта қандай бағытта дамыту керек. Қоғамдық кеңесті әлі де кеңейту керек. Жұмысын жетілдіру керек. Сол бағытта ұсыныстарды айттық. Соған қарай белгілі бір шешімдер қабылданатын шығар. Үнімізді еститін шығар. Құрылғанымен бұл әлі жас.

Хабар 24 телеарнасы