445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет бюджет шығыстарын азайтады

  • 228
Үкімет бюджет шығыстарын азайтады

Үкімет отырысында Президенттің мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардағы шығыстарды азайту жөнінде берген тапсырмасы талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қаржы министрі Әлихан Смайылов осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндап, жоспарланған шығысты 128 миллиард теңгеге қысқартуға болатынын айтты. Яғни, алдағы уақытта семинар, конференция сияқты жиындарды өткізуге бөлінетін қаражат азаяды.

«Бұдан бөлек, автокөлік пен жиһаз сатып алуға және шенділердің іс-сапарларына қарастырылған қаржы да үнемделеді», – деді министр.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары, ҚР қаржы министрі:

– Жалпы алғанда шығыстарды оңтайландыру бойынша жалпы сомасы 128,6 миллиард теңгеге ұсыныстар берілді. Оның ішінде мемлекеттік органдар - 23 миллиард теңге, өңірлерден – 26,6 млрд теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен – 79 млрд теңге.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

– Республикалық бюджет бойынша шығыстарды нақтылау кезінде қайта бөлінеді немесе оларды оңтайландыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі. Жергілікті бюджеттердің шығыстары бойынша әкімдіктер мәслихаттар арқылы осы шығыстарды қысқарту жөнінде бюджеттердің тиісті деңгейлерінде шешім қабылдауы қажет. Ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшылары, директорлар кеңесі мен басқарма отырыстарының аясында ұсынылған шығыстарды қысқарту жөнінде корпоративтік шешімдер қабылдау қажет.

Хабар 24 телеарнасы