448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таяу күндері лайнердегі Қазақстан азаматтары елге жеткізіледі – М.Тілеуберді

  • 192
  • UPD: 14:00, 19.02.2020
Таяу күндері лайнердегі Қазақстан азаматтары елге жеткізіледі – М.Тілеуберді

Жапония жағалауындағы «Diamond Princess» лайнеріндегі Қазақстан азаматтары таяу күндері елге жеткізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар ұшақпен келеді. Жапония мен Қазақстан арасында тікелей рейстер бар деді сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді. Егер де лайнер жолаушылары арасында коронавирус жұқтырғандар болса, онда Жапонияда қалып емделеді. Қазір оған қатысты барлық ел өзара байланыста жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, біз бұдан бұрын круиз лайнерінде қазақстандық 2 азаматша мен екі бала бар екендігін хабарлаған болатынбыз..

Мұхтар Тілеуберді, ҚР сыртқы істер министрі:

– Ең бастысы, біздің азаматтар коронавирус жұқтырмаған, бұған лайнердегі тест нәтижесі дәлел болып тұр. Енді карантиндік мерзім аяқталды, яғни 14 күндік мерзім. Бүгіннен бастап оларды лайнерден шығара бастайды. Құрлықта қосымша тестілеуден өтеді. Егер де тестіден өтсе, оларды таяу күндері елге қайтарамыз.

Хабар 24 телеарнасы