430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Бәйтерек» холдингі штат санын қысқартады

  • 756
  • UPD: 16:27, 19.02.2020
«Бәйтерек» холдингі штат санын қысқартады

«Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі құрылымды оңтайландыру бойынша Президент сынына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының сыны орынды. Оңтайландыру мәселесін холдингтің тұрғын үй блогынан бастадық. Енді бес оператордың екеуі ғана қалады. Бұл жалпы және әкімшілік шығындарды оңтайландыруға, үш компанияның штат санын қысқартуға мүмкіндік береді. Бэк-кеңсеге жауапты департаменттер : есепшілер, заңгерлер қысқартылып, үшеуіне ортақ бір-бір департаменттен қалады», – деді «Бәйтерек» ҰБХ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, биыл «Бәйтерек» жалпы және әкімшілік шығындарды 5,9 млрд теңгеге, штат санын 170 адамға дейін қысқартады.

2023 жылға дейін шығын көлемін 25% дейін қысқарту жоспарланған.

 

Хабар 24 телеарнасы