432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Ұлттық банк төрағасы Е.Досаевты қабылдады

  • 326
  • UPD: 17:24, 19.02.2020
Елбасы Ұлттық банк төрағасы Е.Досаевты қабылдады

Ұлттық банк төрағасы Тұңғыш Президентке 2020 жылдың қаңтарындағы ақша-несие саясатын іске асыру барысын баян етті, елдің және Ұлттық қордағы алтын-валюта активтерінің жағдайы туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ Е.Досаев «5 әлеуметтік бастама» аясында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын айтып берді.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру жайы да сөз болды.

Хабар 24 телеарнасы